«Туған жер» мәнерлеп оқу сайысы » № 15 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы білім бөлімінің
"№15 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Туған жер» мәнерлеп оқу сайысы
09
февраль
2018

«Туған жер» мәнерлеп оқу сайысы



«Туған жер» мәнерлеп оқу сайысы

Бүгін менің туған күнім, Ой, пәлі-ай!
Мына адамдар неғып жатыр тойламай.
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірдің бір жарытпай ақ қойғаны-ай!
-деп Мұқағали Мақатаев жырлағандай, ақиық ақынның туған күніне орай рухани жаңғыру  бағдарламасы аясында оқушыларды ақын өлеңдерін сүйе білуге, сүйсіне білу сезімдерін ояту мақсатында 2-4 сынып оқушылары  арасында «Туған жер» мәнерлеп оқу сайысы өтілді.
      Қазақ ақындарының әр қайсысы шын мәніндегі дарын, қайталанбас шығармашылық тұлға ретінде дара. Мұқағалидың өлеңдерінің тақырыбы Отан, туған жер, махаббат, достық жайлы болса, келесі бір тобы туған жерді қастерлеуге шақырады. Міне, осындай өмірін өлеңге,өлеңін мәңгілік өнерге айналдырған дара талант иесінің шығармаларыннақышына келтіріп жатқа оқығандар2 сынып оқушылары А.Бақытова,  Г.Тоқтарбекқызы,  Ж.Жасатай өте жақсы орындады.
      Мұқағалидың өлеңдері шын шабыттың, қиын күйзеліс пен шын қуаныштан, шын сағыныштан туған. Ақын ұлы сезімге бас иіп, өз өлеңдерінде махаббат тақырыбын кеңінен суреттеген өлеңдерінсөйлеу тілдерінжетілдіру негізінде 3 сынып оқушылары А.Қадір, М.Серікбай, А.Билібек, Ж.Госс  жақсы айтты.
      Мұқағали – мінсіз поэзияның нағыз жасаушысы. Тәңірдің өзі жасағандай Мұқағали жырлары – поэзияның сұлуы әрі тереңі, шексіз мұхиты, соққан желі, қара дауылы, сімірсең мейірің қанбайтын мөлдір бұлақ, тіліңді үйіретін шәрбат, жан рахаты,дәл солай оның поэмасын оқығанда да,жүрегің зар еңіреп, махаббат пен  сезім символының ортасында дал боласың. Шарасыз күй кешесің, 4 в сынып оқушылары З.Медетқызы, А.Нұрақын, Б.Ерназар, Ә.Төлеубек «Райымбек» поэмасынан көрініс көрсетсе, ал 4б сынып оқушысы А.Жұмабай «Халық» үніөлеңі арқылы мазмұнын терең ұғына білуге үйрету  барысында мәнерлеп оқып берді.
     Ақиық ақын Мұқағали ағамызға арналған мәнерлеп оқуды ұйымдастырған бастауыш сынып мұғалімдері Ж.Ерсугурова, А.Жангозина, Ш.Кебекбаева, М.Цой,Р.Курманбаевалар.
Талдықорған қаласы
«№15 орта мектебі»КММ
ДОІЖО Л.Салтакова