20.12-28.12.2017жыл аралығында"Learning English is the key of the future"("Ағылшын тілі- болашақтың кілті") атты ағылшын тілі пән бірлестігінің онкүндігі » № 15 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы білім бөлімінің
"№15 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 20.12-28.12.2017жыл аралығында"Learning English is the key of the future"("Ағылшын тілі- болашақтың кілті") атты ағылшын тілі пән бірлестігінің онкүндігі
16
январь
2018

20.12-28.12.2017жыл аралығында"Learning English is the key of the future"("Ағылшын тілі- болашақтың кілті") атты ағылшын тілі пән бірлестігінің онкүндігі

       20.12-28.12.2017жыл  аралығында"Learning English is the key of the future"("Ағылшын тілі- болашақтың кілті")  атты ағылшын тілі пән бірлестігінің  онкүндігі өтті.
       20 желтоқсанда "Ағылшын тілі- болашақтың кілті"атты ағылшын тілі апталығының ашылуы өтілді. Апталықты 5в сынып оқушыларының ағылшын тілінде айтылған "My flag"өлеңімен ашылды. Оқушылар хормен айтып шықты. 5а сынып оқушылары дайындаған өлең шумақтары да айтылды. 


      20 желтоқсан күні ағылшын тілі пәнінің мұғалімі  Д.Балгимбаева 1 в сыныбымен «In the forest or in the plane»тақырыбында,  А.Токпакова 5в сыныбымен" Job Interview"атты ,А.Маженова 4 б сыныбымен "Unusual jobs"атты ашық сабақтар өткізді ашық сабақ өткізді.

      21желтоқсан күні ағылшын тілі пәнінің мұғалімі И.Абылкасымова 9б сыныбымен "Қазақстан мен  Британиядағы мамандықтар"атты ашық сабақ өткізді.Сабақта оқушылар екі мемлекеттің ұқсас мамандықтарына тоқталып өтті. Оқушылар диалог құрастыруда өз шеберліктерін көрсетті. 

 


 

 

       Сыныпты топқа бөліп арнайы топтық тапсырмалар дайындалған.Сабақта оқушылар кез-келген тапсырманы уақытымен еш қиындықсыз орындады.   

 

       22желтоқсан күні ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері  Д.Балгимбаева  мен А.Токпакова "Полиглот"сайысы 5-сыныптар араларында өтілді. Сайыста  оқушыларды 2 топқа бөліп, сынып бағдарламасына сай тапсырмалар берілді. Тапсырмалар "бағдаршам"арқылы бағаланды. Үлестірмелер арқылы берілген тапсырмаларды оқушылар қызыға орындады. 

      22желтоқсан күні ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері  А.Досыбаева мен А.Маженова  6а сыныбымен брейн -ринг ойынын өткізді. Ойында оқушыларға жан-жақты тапсырмалар орындап, тапсырмаларды еш қиындықсыз орындады. Электронды оқулық арқылы да ойын тапсырмалары жүргізілді.                

      22желтоқсан күні ағылшын тілі пәнінің мұғалімі  Г.Тайборинова "Who is your favourite singer?" атты ашық сабақ өтілді. Ашық сабақта оқушылар фонетикалық жаттығулар жасады. Қалыптастырушы бағалау өз мерзімімен жасалып отырды. Оқушыларға электронды оқулықтан мәтін тыңдатылып, жаттығу жұмыстары жүргізілді. 

      25желтоқсан күні 6ә сыныбымен А.Досыбаева "My first day at school"атты  ашық сабақ өткізді. Сабақта жаңа технология элементтері пайдаланылды. Әр оқушы өзіне берілген тапсырманы уақытында орындады.