Сыныптан тыс өткізілген іс шаралар » № 15 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы білім бөлімінің
"№15 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Сыныптан тыс өткізілген іс шаралар
28
ноябрь
2017

Сыныптан тыс өткізілген іс шаралар

     10 А сыныбында «Тіл тіршілік көзі ме?» атты тақырыпта дебат сабағы өтті. Жауапты Г.Нурсалимова. Дебат жоғары деңгейде өтті.Л.Жұмашева «Тілі басқа,тілегі бір» атты тақырыпта өзге ұлт өкілдерінің арасында сыныптан тыс Абай,Шәкәрім оқуларын ,«Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам» атты Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 125 жыл толуына арналған поэзиялық кешті мәжіліс залында, Қ.Суйгенбаеваның ұйымдастыруымен «Сұлу, сыршыл, асқақ әнді Ақан сері» атты Ақан Сері Қорамсаұлының туғанына 175 жыл толуына орай танымдық кеш өтті.

       Д.Койгаринаның ұйымдастыруымен «Ұлағатты  сөзі ұрандай Бұқар жырау» атты Бұқар жырау Қалқаманұлының туғанына 350 жыл толуына орай  мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқауға 9-10 сыны оқушылары қатысты. Шағын сахналық көрініс болды.       8-сыныптар арасында  «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» атты  зияткерлік ойын сабағын А.Жиенгельдинова , Н.Қалиев  10 «а,ә» сынып оқушыларымен  апталықтың  жабылуына байланысты  «Рухани  жаңғыру  - өскелең  ұрпақтың дара жолы»   атты   ғылыми конференция  ұйымдастырды.

      Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері түрлі әдіс- тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың мемлекеттік тілді жетік меңгеріп білуіне көңіл бөліп, пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, ізденімпаздық қабілеттерін оята білді.