2022 жылы 21 наурызда мектебімізде #5, #14 балабақша бүлдіршіндерімен өткен Ұлыстың Ұлы күніне орай ұйымдастырылған мейрам » № 15 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы білім бөлімінің
"№15 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2022 жылы 21 наурызда мектебімізде #5, #14 балабақша бүлдіршіндерімен өткен Ұлыстың Ұлы күніне орай ұйымдастырылған мейрам
21
март
2022

2022 жылы 21 наурызда мектебімізде #5, #14 балабақша бүлдіршіндерімен өткен Ұлыстың Ұлы күніне орай ұйымдастырылған мейрам

2022 жылы 21 наурызда  мектебімізде #5, #14 балабақша бүлдіршіндерімен өткен Ұлыстың Ұлы күніне орай ұйымдастырылған мейрам жоғары дәрежеде өтті. Көзделген басты мақсат – қазақ халқының ұлттық мерекесін насихаттау. Қазақ халқының ежелден сақталып келе жатқан, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрі - Наурыз мейрамының тойлануына бұл киелі шаңырақта үлкен мағына беріледі. Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында әрбір өткізілген іс-шара барысында мың бұралған кішкентай бишілер, саз дауысты әншілер бір-бір ауылға шоғырланып, мерекенің сәнін аша түсті. Қолданбалы қолөнер бұйымдары көрмесі, ұлттық ойындар, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардан қойылған көріністердің қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын қастерлеуге, кішіпейілділікке, инабаттылыққа, мейірімділікке, тәрбиелеудегі мәні зор болды. Халықта батаның түрлері көп. Солардың бірі – мектебіміздің ұстаздары бастаған үлкендеріміздің дастархан батасын айтып, келген қонақтарға өз ізгі тілектерін жеткізе білді. Ұлтымыздың болашағын жасайтын жастарымызға тәрбие беретін ана, қуат беретін әке, білім беретін мекеме мақсаты бір болса, ұлтжанды азаматтарымыз баршылық болып, ел болашағы алаңсыз болар еді. Қазақтың қазақ екенін, тәуелсіз мемлекет екенін дәлелдейтін бірден-бір мереке - Наурыз болуға тиіс.  Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын, ағайын!