«ӘДЕПТЕН ОЗБАЙЫҚ!» атты «Қыз Жібек» ұйымының отырысы » № 15 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы білім бөлімінің
"№15 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «ӘДЕПТЕН ОЗБАЙЫҚ!» атты «Қыз Жібек» ұйымының отырысы
04
февраль
2018

«ӘДЕПТЕН ОЗБАЙЫҚ!» атты «Қыз Жібек» ұйымының отырысы

2017-2018 оқу жылында «№ 15 орта мектебі» КММ-де«Тәрбие және білім» бағдарламасы аясында педогог –ұйымдастырушы А.Хусаинованың ұйымдастыруымен  «ӘДЕПТЕН ОЗБАЙЫҚ!» атты  «Қыз Жібек» ұйымының отырысы болды

Мақсаты: Қыздарды әдептілікке, адамдармен қарым-қатынас жасай білуге, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу. Бабалардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру. Халықтың салт-дәстүрімен таныстырып, өз халқының дәстүрін, салтын, мәдениетін, әдет-ғұрпын үйрене отырып, бойларына сіңіру. Оқушыларды қазақ халқының сәлем беру, сәлем алу, сәлемдесу рәсімдерін айту арқылы «Алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы» атты нақыл сөз негізінде тәрбие беру. 
№ 15 орта мектептің акт залында 2018 жылы 25 қаңтар айында 6-7 сыныптар арасында (104 қыз) «Әдептен озбайық» атты отырыс өтті. Мектептің педагог-психологы А.Алинова қыздарға әдеп, тәрбие, сыйласымдылық туралы мақалдар айтып, нақыл сөз жазылған фотоларды көрсетіп, «Жалғастыр» атты ойын жүргізді. Қыздар жақсы көңіл күймен отырды.