18
март
2022
Талдықорған қаласы «№15 орта мектебі » КММ-де "Әз-Наурыз" мерекесін атап өту мектеп ұстаздары қауымында да жалғасын табуда.

Қазақ халқында ежелден Наурыз мерекесін көктемнің келуімен орайластырған. Наурыз мерекесі — өткенге салауат айтып, келер күннен береке тілеп, ақ көңіл, адал жүрек адамдарды табыстыратын қасиетті мейрам. «Бірлік болмай, тірлік болмас», — деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Наурыз – еліміздің баянды бірлігі мен ұйыған татулығының мерекесі. Мектеп ұстаздары да Наурыз мерекесін тойлауда өз үлестерін қосып, дәстүрлі наурыз көже дайындап, ұлттық тағам түрлерін әзірлеп, ұлттық нақышта киімдер киіп, ән салып , би биледі. Мереке Қыдыр атаның батасымен бастау алып, ұстаздарымыз ұлттық салт-дәстүрді сахналап, «Тұсау кесуді» көрсетсе, «Арқан тартыс», «Бұқа тартыс» тағы да басқа ұлттық ойындар ойнатылды.