“Абай-дана тұлға” атты әдеби кешіміз » № 15 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы білім бөлімінің
"№15 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Абай-дана тұлға” атты әдеби кешіміз
12
сентябрь
2025

“Абай-дана тұлға” атты әдеби кешіміз

“Абай-дана тұлға” атты
әдеби кешіміз “Лингвист” ағылшын бірлестігінің ұйымдастыруымен 12 қыркүйек күні өткізілді. Бұл іс-шара қазақ халқының ұлы ақыны, ойшылы, композиторы, қоғам қайраткері Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналды.
Мақсаты:
-Іс-шараның мақсаты – жасанды интелект элементтерін тиімді қолдана отырып, оқушылардың қызығушылығын ояту.
-Оқушыларға Абайдың өмір жолын, шығармашылық мұрасын және рухани құндылықтарын таныстыру;
-Жастарды ұлы тұлғаның даналығына, адамгершілік пен еңбекқорлыққа шақыру.
Оқушылар ағылшын тілінде Абай Құнанбайұлының шығармаларын жатқа оқып, оның қара сөздерінен үзінділер келтірді. Музыкалық бөлімде ұлы ақынның әндері орындалды («Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай»). Сондай-ақ Абайдың өмірбаянына арналған шағын презентация ұсынылды. Оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатында викторина өткізілді. Сұрақтар ақынның өмірбаяны, шығармалары және қара сөздері төңірегінде болды.Оқушылар белсенділік танытып,тілдік біліктіліктері арттырылды.