А.Байтұрсынұлына арналған «Теңіздей терең, таулардай ұлы тұлға » танымдық кеші өтті. » № 15 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы білім бөлімінің
"№15 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » А.Байтұрсынұлына арналған «Теңіздей терең, таулардай ұлы тұлға » танымдық кеші өтті.
15
сентябрь
2023

А.Байтұрсынұлына арналған «Теңіздей терең, таулардай ұлы тұлға » танымдық кеші өтті.

2023 жылғы 13 қыркүйек күні «Лингвист» Ағылшын тілі пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне орай А.Байтұрсынұлына арналған «Теңіздей терең, таулардай ұлы тұлға » танымдық кеші өтті.
Аталған кештің мақсаты Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.
Қазіргі уақытта көп тіл білу өмір. Сондықтан әр жасөспірім өз болашағын қазірден бастап ойлап, жоспар құруы қажет және бір шет тілін меңгеруі міндет. Бұл ретте, танымдық кеш барысында мектебіміздің 8 сынып оқушылары дәуірдің жарық жұлдызы, ұлттың ұлы ұстазы саналатын Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны мен шығармашылығы туралы танымдық ақпараттарды ағылшын тілінде ұсынды.
Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек.