Тіл мерекесінің ашылу салтанаты өтті. » № 15 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы білім бөлімінің
"№15 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тіл мерекесінің ашылу салтанаты өтті.
05
сентябрь
2025

Тіл мерекесінің ашылу салтанаты өтті.

Мектебімізде 5 қыркүйек Қазақстан халқы Тілдер мерекесі күніне арналған Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Абай дара, дана тұлға» тақырыбында Тіл мерекесінің ашылу салтанаты өтті. Тіл мерекесінің мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, достық қарым-қатынасқа, ой ұшқырлығы мен тапқырлыққа, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Қазақстан халқы Тілдер күніне арналған мерекелік іс-шара жоғары деңгейде аталып өтті. Іс-шараны қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пән бірлестік жетекшілері ұйымдастырды. Кеш барысында оқушылар көркем сөз оқып, шеберліктерін көрсетті. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін әндер шырқап, күй тартылды. Қазақ, орыс, ағылшын және өзге ұлт өкілдерінің тілдері мен мәдениеттері де тілге деген сүйіспеншіліктерін шығармашылық арқылы жеткізді. Көп ұлтты еліміздің татулығы насихатталды. Алдағы күндері жоспарланған іс-шаралар жалғасады.