«Алтын күз» мерекесі. » № 15 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы білім бөлімінің
"№15 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
октябрь
2021

«Алтын күз» мерекесі.

Берекелі әрі мерекелі күз айларында аталып өтетін кештердің бірі «Алтын күз» мерекесі. Күз мезгілінде сап-сары алтындай күйге енетін табиғат көркі, пісіп- жетілген жемістер адам жанына берер жылуы мол. Күз табиғаттың  әр түске боялатын мезгілі.
     Мектебімізде берекелі күзге арналған 8-9-10 сыныптары арасында  мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Оқушылар мерекені сайыс түрінде өткізді.
1.Ең үздік “Күз ханшайымы мен ханзадасының биі”
2.Ең үздік “Өнерлі озар...” 
3.Ең үздік “Икебана”
Сыныптар арасында:
І орын  8«Б» сынып оқушылары,
ІІ орын 9«А» сынып оқушылар,
ІІІ орын 10 «Ә» сынып оқушылары иеленді.
Мерекелік іс-шараға  әділ-қазылар және қонақтар қатысты. Әділқазы алқасы әділ бағасын беріп, әрбір кезеңге түсініктеме беріп отырды. Жалпы кеш  жоғары деңгейде болып, қызықты әрі есте қаларлықтай әсер қалдырды.Сайыскерлердің бәрі мақтау қағазымен, грамоталармен марапатталды. Кешке жауапты ұстаздар  өздерінің  жауапкершік қабілеттері мол екендігін көрсетті.  Кеш мақсаты оқушылардың  әртүрлі іс-шараларға белсенді қатысуы, біліммен қатар өнерді бірге алып жүруге дағдыландыру,  уақыттарын көңілді өткізу. Осындай айдарлы кештер жыл бойына жалғасын табады деп сенеміз. Оқушылардың әлі де талай жақсы өнерлерін көреміз деген ойдамыз.