"Мұқағали -мәңгілік ғұмыр" тақырыбында 2-4 сыныптар арасында мәнерлеп оқудан байқау өтті. » № 15 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы білім бөлімінің
"№15 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Мұқағали -мәңгілік ғұмыр" тақырыбында 2-4 сыныптар арасында мәнерлеп оқудан байқау өтті.
14
февраль
2022

"Мұқағали -мәңгілік ғұмыр" тақырыбында 2-4 сыныптар арасында мәнерлеп оқудан байқау өтті.

Мектебімізде ақпанның тоғызында "Мұқағали -мәңгілік ғұмыр" тақырыбында 2-4 сыныптар  арасында мәнерлеп оқудан байқау өтті.   Мақсаты:  ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. М.Мақатаевтың өлеңдері  арқылы әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу. Байқауға қатысушы барлық жыр өрендері ақиық ақынның өлеңдерін барынша көрермендерге жеткізуге тырысты. Жыр додасында өзінің әділ бағасын берген  әділқазы алқасы директордың оқу -тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нурсалимова Г., бастауыш сынып мұғалімі Хамижанова Ж.,  мектебіміздің кітапханашысы Райымбекова Д. болды. Әділқазы алқасы барлық жиналған қатысушы қонақтар жыр додасына қатысқан үміткерлерге сәттілік тілеп, ризашылықтарын білдірді. Жүлделі орын алган окушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.