12
март
2021
12.03 күні мектебіміздің педагог-зерттеушілері өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
12.03 күні мектебіміздің педагог-зерттеушілері өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Тарих пәнінің мұғалімі педагог-зерттеуші , педагог-тәлімгер Г.А. Абишева «Тәлімгерлік –жоғары мүмкіндіктерге жол ашады» тақырыбында вебинар өткізді.Вебинарға жас мамандар, тәлімалушылар мен мектебіміздің тәлімгерлері қатысты.Бастауыш сынып мұғалімі педагог-зерттеуші У.Шангереева 2Ә сыныбындағы 1топқа, қазақ тілі пәнінен «Дара және күрделі зат есім» тақырыбында сабақ өткізді. Сабақта оқушылар «Серпілген сауал» әдісі арқылы сұрақтарға жауап бере отырып өздеріне берілген жауап парақтарына 10 баллдық жүйені қойып отырды. «Ой қозғау» әдісі арқылы суреттерге қарап ертегі құрастырды. Оқулықпен,тақтамен жұмыс жасады. «Адасқан әріптер», «Сыңарын тап» ойындары арқылы сабақты қорытындылап, Рефлексия жүргізілді.