«Рухы биік, есімі мәңгі» тақырыбында Халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлына мектеп кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылды. » № 15 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы білім бөлімінің
"№15 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Рухы биік, есімі мәңгі» тақырыбында Халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлына мектеп кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
02
апрель
2021

«Рухы биік, есімі мәңгі» тақырыбында Халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлына мектеп кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Мектебіміздің жоспарына сәйкес Ұлы Отан соғысының  75 жылдық мерекесін тойлауды  жалғастыру мақсатында      «Рухы биік, есімі мәңгі» тақырыбында Халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлына мектеп кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: Халқымыздың аты аңызға айналған қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы туралы мағлұмат беру, оның ерлігін үлгі - өнеге тұту, Отанды сүюге, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу.
        Аты аңызға, сөзі нақылға айналған қаһарман тұлға — Бауыржан Момышұлының - жылдық мерейтойына арналған көрмемімізді ұсынамыз. 

1.  Бауыржан Момышулы: Фотоальбом. – Алматы: «Өнер» баспасы, 2008. – 192 бет.2.  Бауыржан Момышұлы: «Алыстан сәлем жолдаймын». Көптомдық шығармалар жинағы. 22 том. (3-кітап). – Алматы: «Өнер», 2010. – 200 бет.Сонау 1930 жылдан өмірінің аяғына дейін жазылған хаттары 6 томды құрап отыр. Оның өкімет басшылары, қаламдастары, әскери әріптестері, сондай-ақ ағайын-туыс, жақын дос-жарандарымен жасызқан хаттары әрі тартымды, әрі оқырманмен ой бөліседі.
3.  Бауыржан Момышұлы туралы естеліктер. Құраст. Мекемтас Мырзахметұлы 2-бас. – Алматы: «Білім» баспасы, 2007. – 208 бет.Бұл кітап Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының азаматтық, ерлік тұлғасын мүсіндеуге арналған. Батырмен қатар жүрген замандастарының, көзі көрген ізбасар інілерінің, балаларының тартымды баяндалған сырлары мен жырлары, мақалалары жинақталған естеліктер кітабын жалпы оқырман қауымына ұсынады.4.  Қазақ жауынгері Ұлы Отан соғысы майданында. (Тарихи-құжаттық зерттеу). – Алматы: «Өнер», 2010. – 640бет.Аталмыш еңбекте қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысының Жеңісіне қосқан жалпы үлесі жайында кішігірім өзекті зерттеулер мен тарихи-құжаттық материалдар жинақталып, бес жылдық соғыс тарихының ақтаңдақтарына және де соғыс жылдарындағы халықтың ауыр тұрмыс-тауқыметіне шынайы баға беріледі.
5.  Бауыржан Момышұлы. «Айтылмаған ақиқат» (Көптомдық шығармалар жинағы). (2-кітап), 10-том. – Алматы: «Өнер», 2009. – 264 бет.«Айтылмаған ақиқат» - естеліктері мен кінделіктері, Б.Момышұлының ғұмырнамалық деректемелері, өскен ортасы және қоғамдық ірі мемлекет қайраткерлері, қаламгер әріптестері жөніндегі жеке жазбалары.
6.  Б.Момышұлы «Шежіре». Көптомдық шығармалар жинағы. 26 том. – Алматы: «Өнер», 2010. – 200 бет.Шежіре – ел тарихы. Б.Момышұлының жеке мұрағаттарында да шежірелік қолжазбалар сақталынған. Ол өзінің әкесі Момыштан, оның арғы аталарынан қалған шежірелік мұраларды тиянақты сақтап, бұл арнаны біртұтас қазақ халқының және күллі мұсылман әлемінің тарихына ұштастыруға талаптанады.
7.  Б.Момыш-улы. «Наша семья». (многотомное собр. соч.) Том 2. – Алматы: «Онер», 2008. – 264стр.В своей книге Б.Момыш-улы пишет о семье, нелегкой жизни бабушки, отца, дяди, сестер и других родственников в ауле. В то же время можно проследить события тех лет, развивающихся стремительно на родине легендарного героя Великой Отечественной войны. Для широкого круга читателей.
8.  Б.Момышұлы. «Жүрекпен жырлап толғаймын». (Өлеңдер,терме-толғаулар, мақал-мәтелдер). Көптомдық шығармалар жинағы. 30 том. – Алматы: «Өнер», 2010  -248 бет.Бауыржан қаламынан туылған өлең-жырлар – батырдың өмірбаяны мен шығармашылық өмір жолын өлеңмен өрнектеуімен құнды. Оның өлеңдерінің негізгі ерекшеліктері – ойға құрылуында жатыр. Сондықтан батырдың өлеңдерін түгел жинастырып, өзі жинақтаған терме-толғаулары мен мақал-мәтелдерін оқырман қауымға ұсынады.
9. Б.Момышұлы. «Ұшқан ұя» Повесть, әңгіме, нақылдар. – Алматы: Атамұра, 2003. – 240 бет.Бұл шығармада өмірбаяндық жайттарды арқау етіп, патриотизмді, ерлікті, достықты, адал да аңқау, еңбекқор да қарапайым ауыл адамдарын суреттеген.