«Білім күні» қарсаңында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқы жыл сайын үлкен үмітпен күтетін Жолдауын жариялады » № 15 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы білім бөлімінің
"№15 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Білім күні» қарсаңында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқы жыл сайын үлкен үмітпен күтетін Жолдауын жариялады
01
сентябрь
2022

«Білім күні» қарсаңында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқы жыл сайын үлкен үмітпен күтетін Жолдауын жариялады

Бүгін «Білім күні» қарсаңында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқы жыл сайын үлкен үмітпен күтетін Жолдауын жариялады.Талдықорған қаласы “№15 орта мектеп” ұжымы мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын  мазмұны жағынан ерекше және уақыт елегінен өткен жолдау деп есептейді.Биыл біз жаңа кезеңге қадам бастық. Халқымыз жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдады. Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды. Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс.” деп өз сөзін бастаған президент талайдың көкейін мазалап жүрген сұрақтарға жауап берді. Ол өз сөзінде елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары туралы тарқатып  айтты.

Қазақта «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөз бар.Өз ісіне адал ұстаздар білім беру саласының дамуына зор үлес қосады. Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың  заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешетіндігіне тоқталып өтті. Мектеп формасын барлық оқушыға барынша қолжетімді ету аса маңызды.  Әлеуметтік тұрғыдан әлсіз саналатын кейбір топтағы балаларға оны бюджет есебінен беру қажет деп санайтындығын баса атап өтті. Жаңа Қазақстанды құру ісінде мұғалімдердің рөлі айрықша екені сөзсіз. Мемлекетімізде соңғы жылдары ұстаз мамандығының абырой-беделін арттыру үшін көп жұмыс жасалды. Дегенмен бұл бағытта әлі де біршама өзгерістер қажет. Педагогикалық жоғары оқу орындарын аккредитациялаудың жаңа стандарты қабылданады. Сондай-ақ ұстаздардың құзырет аясы айқындалады.Жаһандық ғылыми-техникалық даму барысын ескерсек, жоғары сыныптарда жаратылыстану-математика пәндерін және ағылшын тілін оқытуды барынша күшейту маңызды. Қоғамда қазақ және орыс тілін мектепте оқыту мәселесі бойынша пікірталас болып жатқандығына да тоқталып өтті. Нақты айтайын: біз қазақ тілін де, орыс тілін де жақсы білетін балаларды  тәрбиелеуіміз қажет. Себебі бұл ұрпақтың мүддесі үшін керек. Білімді және бірнеше тілді меңгерген ұрпақ болашаққа сеніммен қадам басады. Біздің күшіміз – жастардың білімінде екенін атап өтті.
 Әрбір отбасы еліміз пайдаланып жатқан ұлттық байлықтың игілігін көруі керек.  Сондықтан мен жариялаған Балалар жылының аясында «Ұлттық қор – балаларға» атты мүлде жаңа бағдарламаны жүзеге асыру өте маңызды деп санаймын. Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударуды ұсынамын. Қаржы әр бала 18 жасқа толғанға дейін аударылып тұрады, оны мерзімінен бұрын есепшоттан шығарып алуға болмайды. Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалатын болады. Бұл қаражат өскелең ұрпақтың үлкен өмірге қадам басуына мүмкіндік береді. 
Жыл сайын маңызды бағдарламалар мен саяси құжаттардың жалғасы болып табылатын бұл Жолдау барша қазақстандықтарға ерекше екпін береріне сеніміміз зор.




  

Похожие публикации: