Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы » № 15 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы білім бөлімінің
"№15 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
11
январь
2022

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Президенттің әр сала бойынша әрбір тапсырмасы еліміздің дамуына бағытталды
             Бүгінгі уақытта елімізде жаңа бір саяси ахуал орын алып отырғаны баршамызға белгілі. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына ел даму үшін жасалатын қадамдарды қадап тұрып айтуы, өзіндік нақтылығымен  жұртшылықтың көңілінен шығады деп ойлаймын. Ел президентінің Қазақстан Республикасының жаңа премьер-министрі Алихан Смаиловты тағайындауы және 2022 жылға жоспарлаған жаңа бастамалары әрбір азаматының ерекше назарын аударды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқын алаңдатып отырған жағдаймен күрес жолдарын, оның елімізге алып келген зардабы мен өзгерістерін айта келіп, еліміздің әлеуметтік дамуына, ел тұрғындарының тыныштығы мен халқымыздың денсаулығы,  өмірін сақтау жолындағы жұмыстарға басты назар аудару керектігін қадап айтты. Бүгін  Президент еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді. Барлық бағыттардың дамуы, ел тағдыры үшін маңызды. 
           Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мемлекетті нығайту, отандық бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қорғау және экономиканы дамыту жайына кеңінен тоқтала келіп, баға тұрақсыздығына сын айтты.  Қазақ халқының әрбір азаматының көкейінде жүрген мәселені шешу жолына арналған жаңа бастамалар, ел дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама жаңашылдықтың болатынын көрсетіп бергендей. Ел Президенті мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар мен министрлердің, әскери қызметкерлер, құқық қорғау органдары мен денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің әрқайсының міндетін, қызметіндегі өзгерістер мен жаңалықтарды санамалап айтып өтті. Қазіргідей жаңарған жаңа заманда еліміздің әрбір азаматы жоғары білім мен табанды еңбектің нәтижесінде ғана биік белестерден көрінетінін ашық жеткізді. Ел азаматтарын, отанымыздың алдында адал қызмет етуге, абыройлы іс жасауға, терең білім алып, ерінбей еңбек етуге шақырды.                                                                                                                                                    
             Жолдау болашағымыздың іргесін нықтауға міндеттейді. Ендеше қуатты Қазақстанды бірге құрып, елдің әл-ауқатын жақсарту жолында жемісті жұмыс істеп, ерінбей еңбектенейік.
            Мемлекет басшысының бастамаларын толық қолдай отырып, Мен Президентіміздің бастамасын қолдай отырып, бүкіл халық үшін қуатты жұмылдырушы бастама болатынына сенімдімін. Жоғарыда аталған міндеттерді іске асыру Қазақстанның дамуындағы ауқымды серпіліс үшін мүмкіндік болады деп ойлаймын. Мен Қазақстан халқын Мемлекет Басшысы Жолдауының міндеттерін орындау үшін топтасуға және бірге тұрақты, гүлденген Қазақстан құруға шақырамын.