«Ұлт ұстазы - Ыбырай Алтынсарин» онкүндігінің жабылуы » № 15 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы білім бөлімінің
"№15 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ұлт ұстазы - Ыбырай Алтынсарин» онкүндігінің жабылуы
21
ноябрь
2025

«Ұлт ұстазы - Ыбырай Алтынсарин» онкүндігінің жабылуы

«Ұлт ұстазы - Ыбырай Алтынсарин» онкүндігінің жабылуы
10–21 қараша аралығында мектебімізде Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің «Ұлт ұстазы ізімен: бүгінгі жасанды интеллект» атты дәстүрлі онкүндігі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды шаралармен өз мәресіне жетті.
Онкүндік жоспарына енгізілген барлық іс-шаралар толығымен орындалып, қатысқан әрбір ұстаз өз сабақтарында заманауи жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдана отырып, оларды Ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық идеяларымен ұштастыра білді. Мұғалімдер өткізген ашық сабақтарда:
•    ЖИ арқылы мәтін талдау,•    оқылым және жазылым тапсырмаларын автоматтандыру,•    сурет, комикс, бейне жасау,•    интерактивті тапсырмалар қолданусияқты жаңашыл әдістер кеңінен пайдаланылды.
Сыныптан тыс іс-шаралар да ерекше шығармашылықпен өтті. Онда:
•    Ыбырай Алтынсариннің өлеңдері,•    тәрбиелік мәні терең нақыл сөздері,оқушылардың қатысуымен жоғары деңгейде ұсынылды.
Онкүндік жабылуында жас ұрпақты ізгілікке, білімге, еңбекқорлыққа үндейтін Ыбырай Алтынсариннің прозалық шығармаларынан сахналық көрініс қойылды. Оқушылар Ұлт ұстазының өмірлік ұстанымын танытатын әңгімелерін, өлеңдері мен тағылымды сөздерін тебіреніспен орындап, көрерменге рухани әсер сыйлады.
Балалар Ұлт ұстазының өнегелі сөздерін тыңдап, оның өмірі мен мұрасына қатысты жаңа деректермен танысып, ұлттық құндылық пен цифрлық даму сабақтастығын терең сезінді. Шараға қатысқан оқушылар мен көрермендер алған әсерлерін ерекше ықыласпен жеткізді.
Онкүндік — мұғалімдердің кәсіби шеберлігін шыңдаған, оқушылардың шығармашылығын дамытқан, қазақ тілі мен әдебиетінің құндылығын жаңаша қырынан танытқан мәнді де мазмұнды іс-шара болды