10 қараша күні мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің дәстүрлі онкүндігі салтанатты түрде ашылды. » № 15 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы білім бөлімінің
"№15 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 10 қараша күні мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің дәстүрлі онкүндігі салтанатты түрде ашылды.
10
ноябрь
2025

10 қараша күні мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің дәстүрлі онкүндігі салтанатты түрде ашылды.

Ағымдағы жылдың 10 қараша күні мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің дәстүрлі онкүндігі салтанатты түрде ашылды. Биылғы онкүндік «Ұлт ұстазы ізімен: Бүгінгі жасанды интеллект» тақырыбында өтіп отыр. Бұл тақырып — ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық идеяларын қазіргі заман талабымен, цифрлық дәуір мен жасанды интеллект жетістіктерімен ұштастыруды мақсат етеді.
Шараның мақсаты — оқушыларды ұлттық рухта тәрбиелеу, білім мен еңбек құндылығын дәріптеу, сондай-ақ жасанды интеллект мүмкіндіктерін оқу процесіне тиімді қолдануға баулу.
Іс-шараның ашылуында оқушылар мен мұғалімдер Ыбырайдың өмірі мен еңбектеріне арналған «Ыбырай әлеміне саяхат» атты танымдық саяхат сабағына қатысты. Бұл бөлімде оқушылар ұлт ұстазының еңбектерінен алынған үзінділермен танысып, оның ағартушылық жолындағы ұлағатты ісін еске алды.

Сондай-ақ шара барысында ұлттық рухты дәріптеу мақсатында ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Бұл ойындар арқылы оқушылар қазақ халқының салт-дәстүрін сезініп, бірлік пен ынтымақтың мәнін түсінді.

Онкүндік аясында мұғалімдер мен оқушылар үшін түрлі шығармашылық және зияткерлік іс-шаралар өткізу жоспарланған: Шара соңында қатысушыларға алғыс білдіріліп, онкүндік аясында заманауи цифрлық құралдарды қолдану, түрлі  сыныптан тыс  іс шараларға белсенді қатысуға шақыру жасалды.