І.Жансүгіровтің әдеби музейінде 5 «В» сынып оқушыларымен экскурсия жүргізілді » № 15 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы білім бөлімінің
"№15 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » І.Жансүгіровтің әдеби музейінде 5 «В» сынып оқушыларымен экскурсия жүргізілді
13
май
2024

І.Жансүгіровтің әдеби музейінде 5 «В» сынып оқушыларымен экскурсия жүргізілді

Ағымдағы жылдың 6 мамыр күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Адильбекованың ұйымдастыруымен өткен «қазақ поэзиясының Құлагері» атанған, жан-жақты талант иесі, тамаша лирик, эпик ақын, көп томды роман жазуды жоспарлаған сұңғыла жазушы, драма, трагедияларды дүниеге әкелген драмматург, сын-сықақ, фельетон жанрын әдебиетінде орнықтырған сатирик қаламгер, әдебиет зерттеушісі, прозашы, журналист, аудармашы, қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтың 130 жыл толуына орай қаламыздағы І.Жансүгіровтің әдеби музейінде 5 «В» сынып оқушыларымен экскурсия жүргізілді. Мақсаты: оқушыларға жалындаған жас ғұмырын еліне, халқының болашағына арнап, қазақ халқының күйінің тұмшалаған қараңғылығына налып, білімді сауатты, жан-жақты оқыған, жаңашыл қоғамның өмірін аңсап, армандап кеткен дара ақын І.Жансүігіровтың шығармаларын насихаттау, терең түсіне білуге, қызыға оқуға жетелеу. Мұражайды аралау кезінде жазушының шығармашылығы мен өмірбаянын, Оның поэзиясы ұлттық әдебиеттің классикалық байлығының қатарына жататыны, ақынның терең идеялы, көркем мүсінді, эпикалық кең тынысты шығармаларының танымдық, тәрбиелік мәні зор екендігі, осында жазушының жеке заттары, баспа станогы, үстел шамы, оның сүйікті музыкалық аспабы, құнды жәдігердің бірі – Молықбай Байсақұлының қобызы, ақынның «Күй» поэмасы, көзі тірісінде шығарылған кітаптар басылымдары, патефон, таяғы және көптеген құнды мәліметтер айтылды. Музей залдары бойынша экскурсия жүргізілді.
Экскурсия барысында музейде 7 мамыр және 9 мамыр күндеріне орай «Елін қорғау – ерге серт» атты ерлік сабағы өтіп, Ұлы Отан соғысы жайлы деректі фильм көрсетілді. Болысбек Іңкәр, Болысбек Сезім, Умирзакова Сезимнің орындауында «Ер Тұран» күйі орындалып, оқушылар өз өнерлерін көрсетті.

https://www.instagram.com/p/C68WphjCG9a/​​​