«ILIYAS» атты фильм көрсетіліміне қатысты. » № 15 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы білім бөлімінің
"№15 орта мектебі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » «ILIYAS» атты фильм көрсетіліміне қатысты.
14
май
2024

«ILIYAS» атты фильм көрсетіліміне қатысты.

Ағымдағы жылдың 26 сәуірінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Адильбекова 5 «В» сынып оқушыларымен бірге Ілияс Жансүгіровтің 130 жылдығына орай І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Қазақ поэзиясының Құлагері атанған Ілияс Жансүгіровтің өнегелі өмірі мен шығармашылығы туралы түсірілген «ILIYAS» атты фильм көрсетіліміне қатысты. Көрсетілімге келген қала тұрғындары мен қонақтарына І.Жансүгіров әдеби музейі “Ілияс ақынның мұрасы” атты жылжымалы көрме көрсетіліп, көрмеге жиырмадан астам құнды жәдігерлер қойылғандығын атап кетті. Бұл фильм Ілияс Жансүгіровтің 125 жыл толуына орай Облыс әкімдігі, «Жетісу» телеарнасының қолдауымен «Жетісу» фильм компаниясы түсіргені туралы айтып өтті. Жетісу облысы әкімінің орынбасары Колбаев Марлен Қапашұлы сөз алып, киноға қолдау көрсеткен, және басты рөлді сомдаған өнер иелеріне алғысын айтты. Ат салысқан азаматтарды бағалы сыйлықтармен марапаттады

https://www.instagram.com/p/C65llF2iiLV/