А.Байтұрсынұлына арналған «Теңіздей терең, таулардай ұлы тұлға »
2023 жылғы 13 қыркүйек күні «Лингвист» Ағылшын тілі пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне орай А.Байтұрсынұлына арналған «Теңіздей терең, таулардай ұлы тұлға » танымдық кеші өтті. Аталған кештің мақсаты Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.