05
октябрь
2021
Апталықтың екінші күні көңілді эстафеталық ойындардан басталды.
Апталықтың екінші күні көңілді эстафеталық ойындардан басталды. Аталған ойындардың мақсаты: дене дайындығын арттырып, денсаулығын нығайу. Мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі С.Жазылбеков 4-ші сыныптар арасында эстафеталық ойындар өткізіп, оқушылардың спортқа деген қызығушылықтарын арттыра түсті. Сонымен қатар, 6-8 сынып қыздары арасында дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Б.Бекишев пен Е.Жолдасбаев ұйымдастырған волейбол жарысы өтті. Ойын барысы спортшыларды жігерлендіре түсті.