12
март
2021
" Қызғалдақтар фестивалі"
22 наурыз - Ұлыстың ұлы күнi. Бұл күнi күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Самарқанның көк тасы ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем төселедi.
Наурыз мерекесін тойлау мақсатында мектепішілік жоспарға сәйкес " Қызғалдақтар фестивалі" ұйымдастырылды. Мектебіміздің 1-4 және 11 сыныптың оқушылары түрлі түсті қағаздан қызғалдақтар жасап мектепті безендірсе, онлайн жағдайында оқып отырған 5 сыныптың оқушылары сурет көрмесімен толықтырды.