2022 жылдың 10 қазан күні мектеп асханасын және тамақтың сапасын тексеру туралы » № 15 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы білім бөлімінің
"№15 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2022 жылдың 10 қазан күні мектеп асханасын және тамақтың сапасын тексеру туралы
10
октябрь
2022

2022 жылдың 10 қазан күні мектеп асханасын және тамақтың сапасын тексеру туралы

Бекітемін
Мектеп директоры
________Г.Омарова

2022 жылдың 10 қазан күні мектеп асханасын және тамақтың сапасын
тексеру туралы
А К Т
Комиссия мүшелері ДТІЖО А.Байконысова , әлеуметтік педагог – А.Жунусова ,мектеп медбикесі Т.Болекбаева , мектептің қамқоршылық кеңестің мүшесі А.Желдыбаева асхананы тексеру кезінде төмендегі жағдайларға куә болдық : тексеру кезінде асхана іші және тамақ ішетін орындар таза,столдар сүртілген , ыдыс-аяқтар таза жуылады. Әр зат арнайы орындарда тұрады. Сынған немесе шеттері кертілген ыдыстар алынып тасталған.Өткен айдағы тапсырманы орындап залдың еденін қырып жуып,қабырғаларын жаңадан сырмен боялынған.
Асханада тамақтану кестесі ілініп тұр.1- сынып оқушылары екінші сабақтан кейін,4- сынып оқушылары үшінші сабақтан кейін тамақтануға барады. Ал түстен кейін екінші сабақтан кейін 2 сынып оқушылары, 3 сабақтан соң 3 сынып оқушылары тамақтанады. Арасында дайындық сыныбының балалары тамақтанады.Бастауыш сынып оқушыларын сынып жетекшілері бастап алып келеді, асханаға кіре берісте қолдарын жуып тамақтануға барады. Қол кептіретін құрал орнатылмаған. Тамақ ішетін залда әр сыныпқа жеке столдар жайылған. Бір балаға берілетін тағамның мөлшері балалардың жас ерекшеліктеріне сай дайындалады. Тамақтың бағасы 1-4 сыныптар үшін - 370 тенге, 5-11 сынып оқушылары үшін -490 тенгені құрайды.

ДТЖО А.Байконысова
Әлеуметтік педагог А.Жунусова
Қамқоршылық А.Желдыбаева
кеңесмүшесі