«Дарындылар шеруі-2022» » № 15 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы білім бөлімінің
"№15 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Дарындылар шеруі-2022»
25
май
2022

«Дарындылар шеруі-2022»

"Адам бойындағы ең тамаша нәрсе - білім мен ақыл" - деп, ғұлама ғалым Жүсіп Баласағұни айтқандай, қазіргі заманның білім саласының негізгі тірегі де осы қажеттіліктер болмақ.
Бүгінде, №15 орта мектебі ұстаздары мен білім алушылары бұл қос ұғымнанда тысқары емес, бұлай деуге білім додасына барған қоржынымыз бірден-бір дәлел. 2021-2022 оқу жылында олимпиадалар мен түрлі сайыстарда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып, сайыс додаларында оза шауып бәйге алған оқушыларымызға және бұлақ көрсең көзін аш деп бала жанының бағбаны болған ұстаздарға алғыс айта отырып  «Дарындылар шеруі-2022»  салтанатты  түрде  аталып өтті! Шеруге мектебіміздің атын асқақтатып жүрген оқушыларымыз да тысқары қалған жоқ, олар  «Жылдың үздік оқушысы-2022» номинациямен Мекзам Нұржан, «Білім» номинациясымен Мухитқызы Арайлым марапатталды.
2022 жыл «Балалар жылы» аясында республикалық «Сәби» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен «Домбыра-Дастан» жас домбырашылар байқауына мектебіміздің 6 «Ә» сынып оқушысы Құрманжан Әсет қатысып III дәрежелі дипломмен және 1 миллион теңге ақшалай сыйлықпен мараптталды. 
Спорттық жарыстардан  Регбиден Дүниежүзілік гимназияда Нормания қаласы(Франция) мектебіміздің 11 сынып оқушысы Тулегенова Амина жеңіске жетіп, мемлекетіміздің туын көкке желбіретті және республикамыздың үздік университетіне жолдама алды!!! ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!! Дарынды оқушыларымыз көп болсын!!!

Похожие публикации: