05
декабрь
2025
«Тұмаудың алдын алу» тақырыбында мектепте кең көлемді акция ұйымдастырылуда.
«№15 орта мектеп» КММ жоспарға сәйкес
«Тұмаудың алдын алу» тақырыбында мектепте кең көлемді акция ұйымдастырылуда.
Талдықорған қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасынан түскен ресми хат негізінде білім ордамызда арнайы бұйрық шығарылып, іс-шараның кешенді жоспары жасалды.
Акция аясында мектеп фельдшері А. Албанбаеваның ұйымдастыруымен 1–11 сынып оқушылары арасында түсіндіру жұмыстары жан-жақты жүргізілуде. Оқушыларға тұмаудың белгілері, оның алдын алу жолдары жөнінде бейнероликтер көрсетіліп, қауіпсіздік шараларын бекіту мақсатында тақырыптық диктанттар жаздырылды. Әр сыныпта жеке әңгімелесу өткізіліп, жеке бас гигиенасын сақтау, дұрыс тамақтану және саламатты өмір салтының маңызы туралы кеңінен түсіндірілді.
Бұл акцияның негізгі мақсаты – балалардың денсаулығын қорғау, олардың жұқпалы аурулардан сақтану мәдениетін қалыптастыру және мектеп қауымдастығы арасында санитарлық сауаттылықты арттыру. Осындай алдын алу шаралары оқу ордасында қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға өз үлесін қосады.
@zhetysu_bilim
@gorono_metod