«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» тақырыбында танымдық викториналық сайыс өткізілді. » № 15 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы білім бөлімінің
"№15 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» тақырыбында танымдық викториналық сайыс өткізілді.
04
декабрь
2025

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» тақырыбында танымдық викториналық сайыс өткізілді.

Ағымдағы оқу жылының 4 желтоқсан күні  мектебімізде 7-сыныптар арасында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» тақырыбында танымдық викториналық сайыс өткізілді. Шараның мақсаты — оқушылардың мемлекеттік рәміздер туралы білімін тереңдету, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру және командалық бірлікті нығайту болды.

Сайысқа үш команда қатысты: «Алтын күн», «Қыран», «Шаңырақ». Әр команда өз атауы мен ұранын ұсынып, таныстырылым жасады.

Викторина үш кезең бойынша ұйымдастырылды:
I кезең — «Білім сайысы»: оқушылар мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран туралы жалпы сұрақтарға жауап берді.
II кезең — «Дұрыс-бұрыс»: рәміздерге қатысты берілген тұжырымдардың дұрыстығын анықтады.
III кезең — «Сөзді жалғастыр»: Мемлекеттік Әнұран жолдарын жалғастыру арқылы жылдамдық пен білімдерін көрсетті.

Іс-шара оқушылардың белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті. Шара барысында оқушылар Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарау, олардың тарихи және рухани маңызын түсіну керектігі туралы ой түйді. Бұл танымдық сайыс оқушылардың патриоттық сезімін арттырып, мемлекеттік құндылықтарды дәріптеуге ықпал етті.

Жауапты: А.Кумарбаева, Л.Тойлыбаева, Б.Жолбарысова,  Г.Адильбекова, Т.Абсалямова
https://www.instagram.com/p/DR2CHU8CNVO/​​​