«Ілияс ізімен: мұрағат сөйлейді» атты дөңгелек үстел өтті. » № 15 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы білім бөлімінің
"№15 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ілияс ізімен: мұрағат сөйлейді» атты дөңгелек үстел өтті.
21
ноябрь
2025

«Ілияс ізімен: мұрағат сөйлейді» атты дөңгелек үстел өтті.

Ағымдағы жылдың 21 қарашасында мектебімізде қазақ әдебиетінің классигі, ұлт руханиятының жарық жұлдызы Ілияс Жансүгіровтің шығармашылық мұрасын терең танытуды мақсат еткен «Ілияс ізімен: мұрағат сөйлейді» атты дөңгелек үстел өтті.
Бұл шара Талдықорған қаласындағы Жетісу университетінің «Гуманитарлық ғылымдар даму процесіндегі Ілияс Жансүгіров мұрасы: ХХІ ғасыр контексінде» атты ғылыми жобасы аясында ұйымдастырылды. Аталған жобаға жетекшілік еткен ғылыми топ – филология ғылымдарының докторы, профессор М. Иманғазинов, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ш. Қияхметова, тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Е. Буланов – жақында Ресейдің Мәскеу қаласына ғылыми іссапармен барып қайтқан болатын.
Іссапар барысында ғалымдар Мәскеудегі Ленин атындағы мемлекеттік кітапхананың сирек кездесетін басылымдар бөлімінде құнды зерттеулер жүргізіп, Ілияс Жансүгіровтың 1925–1928 жылдары Мәскеу Журналистика институтында оқыған кезеңіне қатысты мұрағат құжаттарын іздеп тапты. Қазақ әдебиетінің ардақты тұлғасының шығармашылық іздері жайында тың деректерді жинақтап, оның ғылыми мәнін ашуда бұл сапардың орны ерекше.
Осы еңбектерді кеңінен насихаттау, мұрағаттағы жаңа деректерді көпшілікке таныстыру мақсатында қаламыздың қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерімен бірлесіп дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Шара барысында:
•    ғалымдардың Мәскеудегі зерттеу жұмыстары туралы тың ақпараттар ұсынылды;•    Ілияc мұрасының ХХІ ғасырдағы ғылыми маңызы талқыланды;•    архив құжаттарының қазақ әдебиет тарихына қосар үлесі сараланды;•    ұстаздар мен зерттеушілер арасында ашық пікір алмасу өтті.Сонымен қатар шара барысында №15 орта мектеп пен Шара Әсетқызы арасында ғылыми-әдістемелік бағыттағы ынтымақтастық туралы келісімшарт жасалды.
Бұл келісім — мектептің әдістемелік жұмысын жаңа деңгейге көтеруге, ғылыми-зерттеу мәдениетін дамытуға, ұстаздардың кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған маңызды қадам.

Дөңгелек үстел өте жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар ұсынылған материалдардың маңыздылығын атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Ғалымдар әкелген жаңа мұрағаттық деректер Ілияс Жансүгіровтің шығармашылық әлемін тереңірек түсінуге мүмкіндік беріп, әдебиеттану ғылымындағы зерттеулерге жаңа серпін берді.