«AI USTAZ» жобасы аясындағы мектепішілік семинар өтті. » № 15 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы білім бөлімінің
"№15 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «AI USTAZ» жобасы аясындағы мектепішілік семинар өтті.
08
октябрь
2025

«AI USTAZ» жобасы аясындағы мектепішілік семинар өтті.

2025 жылдың 8 қазанында  мектеп педагогтерінің кәсіби дамуына арналған маңызды іс-шара – «AI USTAZ» жобасы аясындағы мектепішілік семинар өтті.
Жобаның және семинардың мақсаты:
•    Мектеп педагогтерінің цифрлық құзыреттілігін арттыру.•    Жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын білім беру процесінде тиімді пайдалану.•    Инновациялық әдістемелермен жұмыс жасауға бағытталған шығармашылық орта қалыптастыру.Жоба жетекшісі Кожахметова Оралсын Жолдасбаевна  цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын оқу үдерісіне енгізу бойынша алдағы 3 жылдың жұмыс жоспарымен таныстырды.
Семинар барысында мұғалімдерге ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Д.Жумажанова, бастауыш сынып мұғалімі А.Вишнякова  жасанды интеллект жүйелерін, білім беруде қолданудың нақты әдістері мен мүмкіндіктері туралы таныстырды. Цифрлық және инновациялық әдістемелер: мұғалімдерге оқу үдерісін жеңілдететін және оқушылардың қызығушылығын арттыратын инновациялық әдіс-тәсілдермен жұмыс жасау ұсынылды. Семинарға қатысушылар (мектеп педагогтері) цифрлық құзыреттіліктің қазіргі заман мұғалімі үшін маңыздылығын талқылап, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Қорытынды:Бұл семинар «№15 орта мектебінің» ұжымының заманауи технологияларды білім беруге белсенді түрде енгізуге дайын екенін көрсетті. «AI USTAZ» жобасы педагогтердің инновациялық білімін арттыруда және сапалы білім беру ортасын қалыптастыруда маңызды қадам болып табылады.