Жетісу облысында жаңа оқу жылынан бастап аудан орталықтарындағы және Текелі қаласындағы мектептерге әдеп және құқық жұмысы жөніндегі менторлар штаты енгізіледі. » № 15 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы білім бөлімінің
"№15 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жетісу облысында жаңа оқу жылынан бастап аудан орталықтарындағы және Текелі қаласындағы мектептерге әдеп және құқық жұмысы жөніндегі менторлар штаты енгізіледі.
17
август
2024

Жетісу облысында жаңа оқу жылынан бастап аудан орталықтарындағы және Текелі қаласындағы мектептерге әдеп және құқық жұмысы жөніндегі менторлар штаты енгізіледі.

Жетісу облысында жаңа оқу жылынан бастап аудан орталықтарындағы және Текелі қаласындағы мектептерге әдеп және құқық жұмысы жөніндегі менторлар штаты енгізіледі.

☝🏼 Өткен оқу жылында осындай штаттар пилоттық жоба ретінде Талдықорған қаласы мен Панфилов аудандарының мектептеріне берілген болатын. Бұл жайында бүгін облыс педагогтері бас қосқан «Білім берудегі цифрлық инновациялар» тақырыбындағы тамыз кеңесінде облыс әкімі Бейбіт Исабаев айтты.

🔶 Өткен оқу жылында өңірде әдеп және құқық жұмысы жөніндегі 68 ментор жұмыс істесе, алдағы 1 қыркүйектен бастап тағы 40 ментор жұмысқа кірісетін болады.

🔷 Бүгінге дейін менторлар тарапынан оқушыларға 641 жеке кеңес берілген. Қонақ дәрісі түрінде 61 кездесу өткізіліп, оған 9500-ден астам оқушы тартылған. Дәріс оқығандар арасында министрлер, әкімдер, прокурорлар, депутаттар, теологтар, жазушылар, журналистер, әлеуметтанушылар, кәсіпкерлер, қоғамдық ұйымдардың мүшелері, қоғам қайраткерлері сияқты түрлі бағыттар мен салалардың танымал өкілдері бар.
https://www.instagram.com/p/C-wylZeCaCL/​​​