21.06.2024 15 ОМ “Балдырған”мектеп жанындағы жазғы демалыс лагерінің 5-ші күні “Черлидинг күні” болды. » № 15 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы білім бөлімінің
"№15 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 21.06.2024 15 ОМ “Балдырған”мектеп жанындағы жазғы демалыс лагерінің 5-ші күні “Черлидинг күні” болды.
21
июнь
2024

21.06.2024 15 ОМ “Балдырған”мектеп жанындағы жазғы демалыс лагерінің 5-ші күні “Черлидинг күні” болды.

21.06.2024 15 ОМ “Балдырған”мектеп жанындағы жазғы демалыс лагерінің 5-ші күні “Черлидинг күні” болды.
Черлидинг ХІХ ғасырдың 70 жыл­дары Америка жерінде пайда болған. Арада бір ғасыр өткен соң ғана, 1970 жылдары, черли­динг кең қанат жая бастады. Негізінен, черли­динг екіге бөлінеді. Біріншісі, арнайы ережелер бойынша спорттық клубтар сайысқа түседі. Черлидингімен айна­лы­сатын­дардың тағы бір тобы стадион­дар мен спорт алаңдарына мей­лінше көп жан­күйер жинап, алаңдағы ойын­шыларға рух беріп, жиналған жанкүйерлердің көңілін көтеру мақсатында өнер көр­сетеді. 1998 жылы Халықаралық чер­лидинг қауым­дастығы құрылды. Оған мүшелік ететін 37 елдің ішінде Қазақстан да бар. 2001 жылы Токиода тұңғыш рет черли­дингіден әлем чем­пионатының тұсауы кесілді. Чер­лидингінің ережелеріне сәйкес, са­йыстар мына бағыттар бо­йын­ша өте­ді:
Чир – акробатикалық қимыл-әрекеттер жасап, пирамида тұрғызу, ұран сөздер айту.
Данс – спорттық гимнастиканың элемент­терін пайдаланып, би билеу. Бұл бөлімде спортшылардың синхронды қимылдауы мен хореографиялық дайындықтары басты назарға алынады. Балаларға черлидинг туралы айтылды. Соңында балалар черлидинг биін билеп жарысты. Жарыс қызықты өтті.
https://www.instagram.com/p/C8eHn2Qi5Hc/​​​